6 қыркүйек күні Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай «Ақтау қаласы әкімдігінің» және «Ақтау қалалық жастар орталығы» мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен «Ақтау қаласы әкімінің кубогы – 2018» Республикалық жайдарман әзілкештер мен тапқырлар сайысы өтті.
Шараның басты мақсаты - жастардың шығармашылығын шыңдау, шеберліктерін арттыру. Оарға қолдау көрсетіп, шығармашылықтарына кең жол ашу. Жайдарман әзілкештер мен тапқырлар сайысына 5 команда қатысты: «Боранқұл» – Бейнеу ауданы, «Өзен мұнай газ» – Жаңаөзен қаласы, «Грант» – Орал қаласы, «Жалын» – Жаңаөзен қаласы, «Фемида» – Ақтөбе қаласы. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өнер көрсетіп жүрген жас жайдарманшылар өтімді әзілдерімен, əн-биімен көрермендердің ықыласына бөленді. Əзілкештер бұл кеште түрлі тақырыпты сөз етіп, ащы əзілмен қоғамдағы өзекті мəселелерді қозғай білді. Талап бойынша ойын 3 кезеңге бөлінді: 1. Сәлемдесу 2. Жамбы ату 3. Еркін сайыс Командалардың тапқырлығы, əзілінің əдемілігі мен көрерменге жеткізу қабілеті бағаланды. Сайыс қорытындысында "Үздік ойыншы" номинациясын Жұмағалиев Нұрлыбай иеленсе, жаңаөзендік «Жалын» командасы Алғыс хатпен марапатталды. Жаңаөзендік келесі топ - «Өзен мұнай газ» сайыс жеңімпазы атанды. Ал 2 орын оралдық «Грант» командасына бұйырды. 3 орынды «Боранқұл» және «Фемида» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаздарға диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді ұсынған Ақтау қалалық жастар орталығы
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60559,60560,60561,60563,60565,60566"]