Ақтау қалалық жастар орталығы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен өткен шара Конституция күніне орайластырылды. Саябаққа жиналған көпшілік орталық дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар қазақтың ұлттық дәстүрін, ұлттық тағамдарын насихаттауды көздеген.
Осы мақсатта көрермендер арасында «Шұбат ішу», «Бауырсақ жеу», «Қарбыз асау» сындары өткізілді. Әр сайысқа қатысуға ниеттілер көпшілік арасынан сол сәтте анықталды. Олардың жылдамдықтары сыналып, тағамды ең бірінші тауысқандары үздік деп танылды.
-Мен мұнда концерт тамашалауға келгенмін. Шынымды айтсам, мұндай сайыстар ұйымдастырылғанын білмедім. Дегенмен сайысты хабарлаған кезде қатысып көрейін деп шештім. Күнделікті өмірде үш стақан шұбатты бірден ішіп тауыса алмаймыз ғой, оның үстіне ыдыс үлкендеу. Бірақ барынша жылдам болуға тырыстым, - дейді шұбат ішуден сынға түскен Гүлмира Бердіқұлова.
Ұйымдастырушылар сайыс үшін ауылдан арнайы бірнеше литр шұбат алдырып, қап-қап бауырсақ әзірлеген.
Жүлдегерлерге орталық әзірлеген арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Айта кетейік, жеңімпаздарға шұбат, бауырсақ, қарбыз да сыйға берілді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60282,60286,60281,60280,60279,60283,60278,60277,60285"]