Бүгін Ақтау қаласында 30 тамыз Конституция күніне және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай игі шара жасалды. Бұл жөнінде Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мереке «Құрмет» орденінің иегері, мұнай саласында еңбек еткен ардагер, ҚР өнеркәсібіндегі құрылыстың дамуына зор үлес қосқан Мейіз Қарымсақоваға арналған мемориалдық тақта орнатылды. Мейіз Сапарқызы ҚР өнеркәсібіндегі құрылыстың дамуына үлес қосқан. Жемісті еңбегінің нәтижесінде бірнеше Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарына ие болған.
Сондай-ақ ҰОС-ның ардагері, ҚР қарулы күштерінің полковнигі Қоңырбай Абдрахманұлы тұрған үйге де естелік тақта ілінді.
Салтанатты рәсімге Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, қала тұрғындары, ардагерлердің көзін көрген замандастары, туыстары, ұрпақтары қатысты.
Ақтау қалалық мәслихат депутаты Сембіғали Зәкенов келген қонақтарды конституция күнімен және естелік тақтаның ашылуымен құттықтады. Мұндай шараны жастарға үлгі ету, ардагерлерді ұлықтау мақсатында жасалып жатқандығын айтты.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60296,60297,60298,60299"]