Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар үшін сәтті басталды. Қоржынға алтын, күміс және екі қола медаль түсті.
Семсерлесуші Дмитрий Алексанин алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Ол өзінің жеңісін еліне және дәл 1 ай бұрын көз жұмған талантты спортшы Денис Тенге арнады. Еркін күрестен Данияр Қайсанов күміс еншілесе, дәл осы спорт түрінен Саятбек Оқасов мен Әділет Давлумбаев қола жүлде иеленді. Сөйтіп Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға табан тіреді.
Азиада-2018-дің медальдық есебі:
1.Қытай - 16 медаль (7 алтын, 5 күміс, 4 қола)
2.Жапония - 14 (3-6-5)
3.Оңтүстік Корея - 11 (2-3-6)
4.Иран - 5 (2-2-1)
Доданың алғашқы күні 18 мемлекет қоржынға жүлде салып үлгерді.