©
16 тамызда «Татьяна» дүкенінен қала бағытына қарай 400 метр жолға жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары бір айға созылмақ. Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
«Облыстық маңыздағы ХГМЗ (Химия-металлургиялық зауыт) қиылысынан 23, 24, 28а шағынаудан қиылысына дейінгі №55 авткөлік жолын кеңейту бойынша жұмыстар 2015 жылы жоспарланып, жобалық сметалық құжаттар жасақталды. Жолдың жалпы ұзындығы 7 шақырым, жоба құны 1 млрд 721млнт теңге. 2017 жылы мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, мердігер ретінде «Маңғыстау жол-құрылыс материалдары комбинаты» АҚ анықталды. Бүгінгі таңда «Татьяна» дүкені қиылысындағы кептелісті азайу мақсатында қала бағытында 400 м жол бөлігін кеңейту жоспарланды. 16 тамызда құрылыс жұмыстары басталды», - деді басқарма өкілі.
Аталмыш жол қайта құрылымдау жұмыстары арқылы кеңейтіледі. Жоба бойынша 7 шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталуы тиіс.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА