16 тамыз күні су добы мен гандболдан Қазақстан қыздар командасы мен баскетболшы ерлер арасында топтық кезең матчтары өтеді. Одан бөлек, Джакартадағы атлетикалық ауылда Қазақстан туы көтеріледі.
Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі мен оқиғалар тізбесін назарларыңызға ұсынамыз:
Спорт түрі: Баскетбол. Ерлер (5х5). Топтық кезең.
Басталуы: В 09:00 (Астана уақытымен)
Қазақстан туын Джакартадағы Азия ойындары қарсаңында салтанатты түрде көтеру рәсімі. Басталуы 10:15
Спорт түрі: Су добы. Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: В 16:10
Спорт түрі: Гандбол. Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: 17:00
Гандболшы қыздар қытайлықтармен, баскетболдан ерлер командасы Филиппинмен сынға түседі. Су добынан қыздар командасын Қытай құрамасы күтуде.
Еске сала кетейік, Азиада ойындары Индонезияның Джакарта қаласында 18 тамыз күні басталады.Дереккөз: inform.kz