«Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (42-бап) 2017 жылы өзгертулер енгенін ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің сайты жариялаған болатын.
Соған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле және радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны тіркеуге немесе өкілдігінің (филиалының) тіркеуге міндетті.
Аталған Заң 2018 жылдың 9 қаңтарында өз күшіне енді.
Белгіленген кезең аяқталғаннан кейін, Министрлік «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңның 42-бабы 9-1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) тіркемеген, барлық шетелдік теле және радиоарналардың тіркелгені туралы куәліктерін қайтару туралы шешім шығарды.
«Қазір Қазақстанда 306 шетелдік теле-радио арна тіркеуде тұр. Олардың қызметін реттеу мақсатында министрлік жыл басында заңнамаға түзетулер енгізді. Оған сәйкес, шетелдік арналар Қазақстан Республикасында өз өкілдігін ашуы міндеттелді. Барлық талаптарды орындау үшін жарты жыл уақыт та берілді. Қазіргі уақытта 219 телеарна тиісті талаптарды орындады. Министрлік қалған 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрық әзірледі», - деп жазды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-те.
Өз өкілдіктерін ашпаған телеарналар тізімі ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің сайтында жарияланған.