"Маңғыстау облысында мейрамхананың шатыры өртенді", - деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«30 шілде күні сағат 00:20-да Бейнеу ауылында орналасқан бір қабатты «Руслан» мейрамханасының шатыры жанды. Өрт 00:56-да ауыздықталып, 02:25-те толықтай сөндірілді. Жалын 680 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Мейрамханадағы қонақтар ғимараттан өз беттерімен шығып кеткен. Өрттің шығуына пиротехникамен дұрыс пайдаланбау себеп болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 маманы мен мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды.