Қазақстандықтар 19 елге визасыз бара алады
[ 2018 ] 30 шілде, 10:37 | Жаңалықтар
Бұл жөнінде «Казинформ» ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Қазақстан 20 мемлекетпен визасыз ұшу жөнінде келісімге қол қойды», - делінген ведомства мәліметінде.
Олар:
Әзірбайжан (30 тәулікке дейін);
Аргентина (30 тәулікке дейін);
Армения (90 тәулікке дейін);
Беларусь (90 тәулікке дейін);
Бразилия (30 тәулікке дейін);
Гонконг (14 тәулікке дейін);
Грузия (90 тәулікке дейін);
Корея (30 тәулікке дейін);
Куба (30 тәулікке дейін) — күшіне енген жоқ;
Қырғызстан (90 тәулікке дейін);
Молдова (90 тәулікке дейін);
Монғолия (90 тәулікке дейін);
Ресей (90 тәулікке дейін);
Тәжікстан (30 тәулікке дейін);
Өзбекстан (30 тәулікке дейін);
Украина (90 тәулікке дейін);
Сербия (30 тәулікке дейін);
Түркия (30 тәулікке дейін);
Эквадор (30 тәулікке дейін);
БАӘ (30 тәулікке дейін).
Айта кетейік, бүгінде әлемнің 45 елінен азаматтар 30 тәулікке дейін Қазақстанда визасыз жүре алады: Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония.
705
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.