©
Бұл жөнінде Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жөніндегі қорытынды есебінде айтты. Облыс әкімдігінде Қарақия және Маңғыстау ауданы әкімдері 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығына қорытынды жасап, есеп берген болатын.
Маңғыстау ауданының өнеркәсіп кәсіпорындары биыл алғашқы алты айда 295,8 млрд.теңгенің өнімін (қиыршық тас карьерлері, «Каспийцемент» ЖШС-нің ұлу тас, қиыршық тас, цемент, бор т.б) өндірген. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі индексі 102,3%, бөлшек сауда көлемі индексі 101,7% болған.
Жармағамбет Айтуаровтың айтуынша, аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі түрі - мал шаруашылығы. Бүгінде ірі қара мал басының саны 180 мыңнан, жылқы саны - 41 мың, түйе - 23 мыңнан асып, 6 айда ауыл шаруашылығы өндірісі 1844,9 млн. теңгені құраған.
Аудан көлемінде 381 шаруа қожалығы, 10 ұйымдасқан шаруашылық, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі қызмет етеді. Оның ішінде 343 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 36 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі өңдеу өнеркәсібімен айналысады. 2018 жылдың 6 айында 1569,8 тонна тірілей салмақта ет, 1214,1 тонна сүт, 47,2 мың дана жұмыртқа өндірілген.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстауда 6 айда 4 мыңнан аса шетелдік әкімшілік жауапқа тартылған- «Нұр Капитал» шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 226,5 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды, ол 83 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдағаннан кейін, жобалар қаржыландыру үшін банктерге жіберіледі. Жыл басынан бері кәсіпкерлер саны 2479 адамды құрап, 25 кәсіпкерге 82,87 млн теңге несие берілді, - деді аудан басшысы.
Сонымен қатар «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 10 ауылдық округ пен 14 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі енгізілген.
- 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықты сумен қамтамасыз ету 67% болды. Сондай-ақ, Тұщыбек, Қызан, Шебір, Шайыр, Ұштаған ауылдарынан "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі муниципиалдық (коммуналдық, жалдамалы) тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджеттен 92 590,3 мың теңге қаржы қаралды, - деді Жармағанбет Айтуаров.
Есепті қорытындылай келе, облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру, денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша бірнеше тапсырма берді.