«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, «Баспана» арнайы ұйымын құрды.
Бүгін осыған байланысты Ұлттық Банктің облыстық филилалы баспасөз отырысын өткізді. Жиында БАҚ өкілдеріне бағдарламаны кеңінен түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада беріледі және оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алады.
-«7-20-25» Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарлама. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін береді. ҚҰ Ұлттық Банкі қысқа мерзім ішінде үлкен жұмыстар атқарды. Банк жанынан «Баспана» атты ипотекалық ұйым құрылды. Сонымен қатар, Сенатта жаңа заң жобалары қабылданды. Бүгінде «Баспана» ұйымы екінші деңгейлі 7 банкпен келісім шарт жасап, қол қойды. Олар: Цесна Банк, Еуразия банкі, АТФ банкі, Халық банкі, Центр кредит, RБК және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Аталған банктер «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыздарды рәсімдеумен айналысады. Қазіргі таңда бағдарламаға Форте банк және Сбер банк қызығушылық танытып отыр, осы жылдың соңына дейін бұл банктер де тізімге енбек, - дейді ҚР ҰБ РММ Маңғыстау филиалы директорының орныбасары Нұрлан Сүгіров.
«7-20-25» бағдарламасының тағы бір ерекшелігі онда нысаналы мемлекеттік қаржыландырудың жоқ екендігі.
Бағдарлама бойынша несиенің негізгі шарттары: жылдық үстеме 7%, басқа қарыз берген және рәсімдегеніне қатысты ешқандай комиссиялар ұстамайды, бастапқы жарна 20 %, мерзімі 25 жылға дейін.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Алмастырушы терапия — есірткіге тәуелділіктен емдеудің жаңа әдісіАстана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында ипотекалық несие 25 млн теңгеге, басқа өңірлерде 15 млн теңгеге дейін. Жаңадан пайдалануға беріліп жатқан құрылыстан тұрғындар пәтерін таңдап, бастапқы жарнасын алып, банкке хабарласуына болады.
Осы жылдың екінші жарты жылдығынан несие беру басталып кетті.
-Бағдарлама жоспар бойынша екінші жарты жылдықта басталды. Азаматтар осы кредиттер бойынша көрсетілген банктерге хабарласа алады, - дейді мамандар.
Ипотека алуға ниетті жандардың біріншіден, тұрақты жұмысы болуы керек, кәсіпкерліктен табатын табысын да көрсетуіне болады. Өз атында баспанасы болмауы және қазіргі таңда төлеп жатқан ипотекалық қарызы болмауы шарт. Сондай-ақ кредиттік тарихында кемшілік болмауы да ескеріледі.
Бағдарламаға қатысты сұрақ туындаған жағдайда «Баспана» ұйымының www.baspana72025.kz сайтына хабарласуға болады, сондай-ақ + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тегін call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="57509,57508"]