Әлеуметтік желілерде үй кіреберісінде ұл балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр. Бұл оқиға Шымкентте 1 шілдеде болған, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІБ өкілдеріне сілтеме жасап.
Видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісіне әкеліп, баспалдақ астында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видеода бір әйелдің үйге кіргені, артынша ер адамның қашып шыққаны жазылған. Tengrinews.kz видеоны ар-ұят құндылықтарына байланысты жарияламады. Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті ұсталды. Ол - Шымкенттің 1985 жылғы тұрғыны. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. 11 жастағы баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ол ата-анасымен үйінде. Оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақтың қастерлі дүниесіАл «NewTimes.kz» порталы келтірген мәліметке сүйенсек, оқиғаның қай қалада орын алғаны күмән тудырған. Алматы, Шымкент немесе Ақтау деген болжам жасаған.
Сол себепті Маңғыстау облыстық ІІД-не хабарластық. Бірақ баспасөз қызметі оқиғаның Ақтауда тіркелмегенін жеткізді.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерге "химиялық кастрация" жазасы қолданыла бастады. Егер бұл күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған да осы жаза қолданылмақ.
Мемлекет адамдық қасиеттерден жұрдай болған «педофилдермен» күресу мен оларды жазалауды басты назарға алып, ауыр қылмыстың жазасын күшейтуді көздеді.
Қазақстанда 2018 жылы химиялық кастрацияны жүргізуге 9,6 млн. теңге бөлінді.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА