©
Маңғыстауда бірнеше күннен бері ыстық 40 градустан төмен түспей тұр. Соңғы күндері сынап бағанасы 46 градусқа жетті. «Қазгидромет» РМК 1-3 шілде аралығында облыста қатты ыстық болатынын хабарлады. Өңір бойынша ең ыстық аймақ Қарақия ауданы болып отыр.
Дегенмен облыс қалалары мен өзге аудандар да қалысар емес. Тіпті тұрғындар құтқару қызметінен күнделікті түсетін «43-46 градус ыстық күтілуіде» деген хабарламаға да бой үйреткен. Бұған дейін төтеншеліктер маусым айының соңы аптасында ауа температурасы жоғары болатынын ескерткен.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Театр тіршілігіне дем берген