18-20 маусым күндері Елорданың 20 жылдығына арналған таеквондадан «Astana Open» Халықаралық турнирі өтті. Сайыста маңғыстаулық балалар 5 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленді. Бұл жөнінде «Волна» спорт мектебінің Таеквондо WT жаттықтырушысы Құрбанбай Қыдырбаев мәлімдеді.
Сайысқа 700-ге жуық спортшы балалар қатысты.
Турнирде Өмір Әсет (41 келі), Өмір Рзабек (36 келі), Жұмашев Данияр (40 келі), Алексеева Алина (+36 келі), Қуан Арайлым (20 келі) алтыннан алқа тағынды.
Сондай-ақ, Омарбаев Нұрқожа (32 келі), Дахшанов Дидар (36 келі), Балқожа Ерасыл (40 келі) күміс жүлде қанжығалады.
Бимырза Іңкәр (29 келі) қола жүлде иеленді.
Айта кетейік, Өмір Рзабек маусымның 1-3 арылығында Түркістан қаласында балалар арасында өткен Қазақстан Чемпионатында 36 келі салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа қол жеткізген еді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді ұсынған Құрбанбай ҚЫДЫРБАЕВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="57116,57115"]