©
2018 жылдың 6 мауысымы күні Ақтау қаласы тұрғындарына арналған «AKTAU.GOV» мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Ол арқылы халық арыз-шағымдарын онлайн түрде жолдауға мүмкіндік алды.
Екі апта көлемінде мобильді қосымша 300-дей арыз-шағым қабылдаған. Бұл жөнінде Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мұхтар Ибраимов мәлімдеді.
-Біз мобильді қосымшаны 6 маусым күні іске қостық. Күніне шамамен 20-25 сұрақ келіп түседі. Олардың бүгінде 60%-ы жауабын алды. Тұрғындар онда жолдаған сұрақтарын артынша өшіру мүмкіндігіне де ие. Сұрақтарға 1 күн ішінде, максимум 2 тәулікте жауап беріледі. Мәселен, қосымша іске қосылған күні кешкісін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты бір сұрақ түсті. Оған 9 минут ішінде жауап қайтарылды, - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 1500-нан астам тұрғын мобильді қосымшаны жүктеп үлгерген. Олардың 900-ден астамы белсенді қолданушылар.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА