©
Түркияның Нийде қаласындағы Нийде Омер Халисдемир университетінде қазақ-түрік мәдени-білім беру орталығы ашылды. Бұл жөнінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты тұсаукесер рәсімге ұлттық университеттің бірінші проректоры - оқу ісі жөніндегі проректор Әсемгүл Молдажанова, ЕҰУ-дың интернационалдандыру және имидж орталығының директоры Сейит Али Авджу, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ақбота Жолдасбекова және Нийде Омер Халисдемир университетінің басшылары қатысты.
Орталықтың ашылуы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Нийде Омер Халисдемир университеті арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жаңа бағдар болмақ. Түркиядағы қазақ-түрік мәдени-білім беру орталығы Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры, профессор Мухсин Кар және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі департаментінің директоры Хулии Урунди ханым, Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен құрылып отыр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Табиғат сақшылары марапатталдыБолашақта бұл орталық екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты үйлестіре отырып, халықаралық ғылыми-зерттеу жөнінде ғылыми конференциялар өткізеді, бірлескен бағдарламалар дайындап, қос оқу орнының ғалымдары ғылыми еңбектер жазады және бірлесе зерттеулер жүргізеді.
Айта кетейік, ашылу салтанатында инженерлік-техникалық сала бойынша Түркі әлемі университеттер конгресін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды. Түркияда өтетін бірінші конгресс 2019 жылдың басында Нийде Омер Халисдемир университетінде болса, ал екіншісі 2020 жылы Қазақстанда, яғни Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін болды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56415,56417,56418,56416"]