©
Қайығын жел айдап кеткен балықшылар құтқарылды. Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыс оқиға Каспий жағалауында 17 маусым күні орын алды. Жағадан 4-5 метр қашықтыққа ұзаған балықшылар екпінді желдің әсерінен құрлыққа жете алмаған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, оларды құтқарушылар тауып, жағаға шығарған. Артынша кезекші көлікпен Ақтау қаласына жеткізген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Шорада» суға түскендерге айыппұл салынады