©
15 маусым күні елімізде барлық мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталды. Олар 11 жылдық білімін қорытындылап, мемлекеттік емтихан нәтижесінде маңызды құжатты қолдарына алды.
Биыл облысымызда 5611 түлек мектепті тәмамдады. Олардың 5033-і – күндізгі білім беретін мектепті, 578-і – кешкі білім беретін мектепті аяқтады.
Бітірушілердің 174-і «Алтын белгіден», 125-і Үздік аттестаттан үмітті екенін бұған дейін Мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Клара Құлатаева мәлімдеген болатын.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалдыМО Білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 172 түлек мемлекеттік аттестациялау қорытындысында «Алтын белгі» иегері атанса, екеуі үмітті ақтай алмаған.
Енді түлектер ЖОО-ға түсу үшін Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өтеді. Тестілеу 21-27 маусым аралығында жүргізіледі. Облыс бойынша 4167 бала ҰБТ тапсыруға тілек білдірген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА