23 маусым - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай, қалалық әкімдікте салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Шарада құттықтау сөз алған қала әкімі Елубай Әбілов: - Мемлекеттік басқаруда атқарылатын қызметтердің сапасын жоғарылату біздің басты мақсатымыз болып табылады. Бұл еліміздің жаһандану процесіндегі әлемдік қауымдастықтағы өзіне лайықты орын алу үшін бірлесіп қызмет атқарудың керектігінің дәлелі. Елбасымыз әрқашанда осы талапты күн тәртібінен түсірген емес. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерге үлкен сүбелі міндеттер қойылып отыр. Сол себепті, әрбіріңіз мемлекеттік қызметші деген абыройлы атқа үнемі лайықты болуларың тиіс» -деді.
Қала әкімінің құттықтауынан соң, бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік басқару органдарындағы адал еңбегі үшін Маңғыстау облысы және Жаңаөзен қаласы әкімдерінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында Г.Паизова, Д.Өтебаева, К.Тәжібаев, Ұ.Орынбаева, Б.Тоқпанов, З.Нұрлыбаева, Б.Ізжанов, Г.Елеусінова бар. Ал, ҚР-ның мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Б.Ә. Нәбиұлы еңбегін мемлекеттік қызметке арнаған Ж.Бекова, Г.Тоқпанова, А.Шағбатдинованы ҚР-сы мемлекеттік істер министрлгінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшылығының Алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С.Мыңбай, қалалық Ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары Б.І.Білтейұлы құттықтауларын жолдады.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында конкурс арқылы Жаңаөзен қаласы әкімдігі мемлекеттік қызметшілерінің қатарына 15 жас маман қосылған. Осыған орай, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы А.Бәйтерекова және Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы М.Сатаев ант берді.
Жоғарғы сот төрағасы 2015 жылғы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша кеңейтілген сот ісін жүргізуде медиациялық татуластыру рәсімдерін қолдануға, оларды жергілікті және басқа да соттардың жұмыстарын бағалаудағы маңыздылығына ерекше назар аударды. Бұл мәселе алдағы ҚР-сы судьяларының сьезінде негізгі мәселелердің тізіміне енгізілетін болды. Үміткерлерді іріктеу негізінде өзара іс қимылды нығайту мәселесі бойынша қала әкімі Е.Әбілов және Жаңаөзен қалалық сотының төрағасының міндетін атқарушы А.Сейілханов ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
А. ЖАЗЫҚБАЙ