Бүгін - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 26 жыл бұрын тәуелсіз еліміздің символдары алғаш бекітілген еді.
Атаулы күнге орай Ақтаудағы Оқушы орталығы «Көк тудың желбірегені» атауымен флешмоб ұйымдастырды. Шараға 50 оқушы, ұйымдастырушы-падагогтар мен ата-аналар қатысты. Мәдени-іс-шараның мақсаты – Отанды сүюге, елді құрметтеуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге баулу.
Орталыққа қарасты «Ұшқын», «Арман», «Балдаурен», «Ақжелкен», «Арман» аула клубының мүшелері бір мезетте би билеп, мемлекеттік таңбаларымызға деген құрметтерін білдірді.
Ұстаздар Амангүл Үргенішқызы, Ұштап Төленбаева сөз сөйлеп, балаларға мемлекеттік құндылықтардың маңызы туралы айтты.
Балалар туған жерге деген ыстық лебіздерін өлеңмен жеткізіп, патриоттық әндер шырқады. Сұрақтарға жауап беріп, рәміздер жайлы толық мәлімет алып қайтты.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазба "Оқушы орталығынан" алынды
https://www.youtube.com/watch?v=IdCm80uewAY