Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингиттен вакцинациялауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Нормативтік-құқықтық базамызға сәйкес, вакцинация бойынша шешімді жұқпалы арулар бойынша ұлттық координациялық консультативтік комитеті шығарады. Отырыс алдыңғы аптада өткен, оған инфекционистер мен эпидемиологтар енді. Олар вакцинация енгізу мәселесін қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізудің қажеттілігі жоқ деген шешім шығарды. Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді", - деп мәлімдеді министр. "Ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде", - деді Елжан Біртанов.
Айта кетейік, Алматы облысында менингит ауруының тарап жатқаны жайлы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы көпке мәлім болды. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде еліміз бойынша 58 менингитпен ауыру дерегі тіркелген. 12 адам көз жұмған. Соңғысы Алматыда 2 маусымға қараған түні орын алған.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА