Бұл туралы бүгін Өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтылды.
11-15 маусым аралығында Ақтау қаласында Қазақстандық Эндоскопиялық хирургтер Қауымдастығының «Эндоскопиялық хирургия апталығы" өтеді.
Бұл іс-шараға бес жетекші клиникалық база: Маңғыстау облыстық ауруханасы, Облыстық перинаталдық орталық, Облыстық балалар ауруханасы, Облыстық онкология диспансері және "Софи Мед" клиникасы қатысады.
Апталық аясында хирургия, гинекология, балалар хирургиясы, онкология, анестезиология, сонымен қатар, репродуктология салаларын қамтитын шеберлік сағаттары мен лекциялар жүргізіледі. Оған әртүрлі елден, соның ішінде Франция, Ресей Федерациясы, Украина сияқты таяу және алыс шетелдерден бірнеше жетекші маман келеді деп күтілуде.
Олардың қатарында Медицина ғылымдарының докторы, Астана медициналық Университетінің профессоры, Қазақстан Эндоскопиялық хирургтар Ассациациясының Президенті, IPEG мүшесі Котлабовский Владимир Игоревич, «Карл Шторц Эндоскопи Казахстан» ЖШС бас директоры Ахундов Сергей Робертович та бар.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстандық эндоскопиялық хирургтер ассоциациясы, Қазақстан репродуктивтік медицина Ассоциациясы, Қазақстан онкология және радиология ғылыми институты және эндоскопист-гинекологтар қоғамдық бірлестігі.
Осы апталық негізінде эндоскопиялық хирургия саласы бойынша дәрістер, семинарлар, ғылыми баяндамалар, трансляциялау арқылы операциялар, мастер-кластар, медбикелер мектебін өткізу жоспарланған.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА