Ақтау гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Қолғанат Ақтау қаласының Әуе қозғалысын басқару орталығында әскери қызметшілермен «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде ұсынудың шарттары, яғни талап арыз беру, сот отырысының хаттамасының электронды көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасына арыз-ескертпе беру, электронды өтініш беру мүмкіндігі жөнінде түсіндірілді.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электрондық сервистеріне ҚР Жоғарғы Сотының http://www.sud.kz ресми сайты арқылы қол жеткізуге болады. Аталмыш қызмет түрін республикамыздың электрондық цифрлік қолтаңбасы бар кез кезген азаматы қолдана алады. Қосымша ақпаратты 1401 – Жоғарғы Соттың сенім телефонына қоңырау шалу арқылы білуге болады (қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін).
Кеңсе меңгеруші әскери қызметшілерді уақыт пен қаржыны үнемдеу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінің қызметін белсенді пайдалануға шақырды. Сонымен бірге, ол заманауи технологияларды енгізу мен пайдалану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократтық тосқауылдарды жойып, сот жүйесінің қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алуға және тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге мол септігін тигізетіндігін атады.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі бойынша үлестірме материалдар тарқатылды.
Ақтау қаласының Әуе қозғалысын басқару орталығының баспасөз қызметі