©
Ақтау қалалық әкімдігінде өткен брифингте қаланы көгалдандыру, су жеткізу, жолдардың жөндеу жұмыстары мәселелері сөз болып, мамандар журналистердің сұрағына жауап берді.
Қалаішілік жолдардың жөндеу жұмыстарына байланысты Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев кеңінен тоқталды.
https://www.youtube.com/watch?v=8BY4G5Yr6Hg- Қалаішілік жолдарымыз орта және күрделі жөндеуді көрмеген. Жыл сайын біз ағымдағы шұңқырды жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Әр жылы бюджеттен қаржы бөлініп, конкурс өткізіліп, бердігер компания анықталады. Тесіктерді жамаймыз. Биыл да осы жұмыс жалғасып жатыр. Бюджеттен 39 млн. теңге қаражатымыз бар бөлініп тұрған, мердігер анықталды. 2 шағынауданнан бастап қаланың төменгі зонасы жұмысты бастады. Қазір шағынаудан ішіндегі жөндеу жұмыстарының жартысы аяқталды. Келесі 4,5 одан әрі 7, сөйтіп жоғары шағынауданға қарай өте береміз. Жалпы біздің ұстанымымыз шұңқырды жөндеу, шағынаудан ішіндегі жолдардың мәселесін түбегейлі шешпейді. Бұл тек уақытша шешім. Біздің ұсынысымыз – бюджеттен егер қаржы бөлінсе, тұтастай бір шағынауданды алып оның ішкі жолын тұтастай орташа жөндеуден өткізу. Орташа жөндеу дегеніміз – жол жабындысын түгелімен, жиектасын алып тастап, барлығын жаңадан салу. Барлық шағынаудандарда көлік тұрағының жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан қаланың 4 шағынауданына (1 ш.а. Ауруханалар қалашығы, 6, 12, 27 шағынаудандарды алып, оның ішкі автомобиль жолдарына, тротуарларын толық жөндеуге сметалық есепті жасадық. Себебі бюджет қаражатын сұраудан бұрын сметамыз дайын болуы керек. Бір ғана 12 ш.а. алсақ, ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 300 млн. теңгеге жуық қаржы керек. Егер қала бюджетінде ақша болып, бізге берілген жағдайда ол жұмыстар жасалатын болады. Шұңқырларды жөндеу жаңа шағынаудандардан басқаларының барлығына қажет. Мысалы, 7 шағынауданға көбірек қажет, - деді ол.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Туған жерге тағзым Ал орталық жолдың жөндеуіне қатысты мамандар былай деді.- «Оазис» тұрғын-үй кешенінен «Виктория» қонақ үйіне дейінгі жол жөнделді. Қазір сол қонақ үйден облыс әкімдігіне дейінгі аралық жөнделіп жатыр, - деді «Қала жолдары» ЖШС директоры Қайрат Хайрушев.
Бұдан соң 9, 10 және 11 шағынаудан аралығындағы айналма жолдан «Мәңгілік алау» монументіне дейінгі аралыққа жөндеу жүргізілмек. Бұл кезеңде көліктердің жолда жүруіне ешқандай кедергі болмайды дейді жауапты мамандар.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА