Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер мемлекет тарапынан қаржылай көмек алады.
- Жалпы биыл Жеңіс күні қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша 2016 адам көмек алады. Оның 950-дейі тыл ардагерлері. Оларға 40 АЕК – 96 200 теңге көлемінде, ал соғыс ардагерлеріне 100 айлықтық көрсеткіш есебінде, яғни, 240 000 теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі, - дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаев.
Қазір Маңғыстауда 22 ардагер бар. Санаулы күн бұрын олардың қатары 24 еді, дегенмен Бақытлай Оразалиева мен Дмитрий Владимирович Гаврия есімді ардагерлеріміз Жеңістің 73 жылдық мерейтойын көруге жете алмады. Бақытлай әже тірі болса, 10 мамыр күні 95 жасқа толар еді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Газ-қалашық» немесе жастығым қалған ЖаңаөзенҚазір Түпқараған ауданында – 1, Мұнайлы ауданында – 1, Жаңаөзен қаласында – 1 ардагер тұрады, қалғандары - Ақтау қаласында.
Күн санап қатары сиреп жатқан ардагерлеріміздің есімін біліп, көзі тірісінде қадірлей білейік.
Маңғыстау облысында тұрып жатқан соғыс ардагерлерінің тізімін ұсынып отырмыз:
Асан Аймағамбетов
Сәуірбай Базарбаев
Стефан Безязычный
Бисен Боқаев
Айберген Жүзбаев
Қапиз Нух
Даражат Қожанов
Василий Лазаренко
Алуадин Орақұлы
Дмитрий Петряков
Василий Салазкин
Станислав Сухонос
Тлембай Телбайұлы
Кубир Тлишов
Медресен Өмірзақов
Үмбетқалиқызы Қамқа
Қайыр Қыдырбаев
Ольга Заривняк
Сабырғали Мұржықов
Ибракім Мәмбетұлы
Абдулла Утаев
Кеңесбай Еңсегенов
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН