Аудандық мәдениет үйінде «Адайдың абыз ақсақалы» деген атпен шежіреші, Адай шежіресін жинақтауда артына мәңгі өшпейтін еңбек қалдырып кеткен Жетібай Жылқышыұлын еске алуға арналған кеш өтті. Кеш қонақтары ауданның Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Базархан Сүйеуов, аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы Аманқос Ертілеуов, ардагер ұстаз Алдаберген Құрмашев Жетекеңнің азаматтық бейнесі, пайым-парасаты мен болмыс-бітімі туралы ұзақ сыр шертті, қызметте болған жылдарынан естелік айтты. Оның артына қалдырған еңбектерінің құндылығын айта келе жиналған көпшілік Ж.Жылқышыұлының қолжазбалары мен кітаптарын өлкетану мұражайына орналастыру, оның атына аудан орталығынан бір көше беру керек деген тоқтамға келіп, еске алу дастарханынан дәм татып, ақсақалдың рухына құран бағыштап тарасты.
Л.Әбдібекқызы