©
Кеше "ҚазГӨЗ" диагностикаға жабылды. Жылына бір рет өткізілетін прафилактикалық жұмыстар 26 сәуірде аяқталуы тиіс. Бұл туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Тимур Сәдуақасов мәлімдеді.
- 22-26 сәуір аралығында зауыт 5 күнге уақытша жабылды. Жыл сайынғы прафилактикалық жұмыстар жүргізілмек. Облыс әкімдігі жөндеу кезеңіне толық дайындалды, артық қор жеткілікті. 1500 тонна Ақтөбенің газы және 2000 тонна «ҚазГӨЗ» қоры бар. Зауыттың жабылғанына бүгін екінші күн, дегенмен ешқандай мәселе туындаған жоқ. Қор жеткілікті болғандықтан, зауыттың уақытша тоқтап тұрғаны ешқандай кедергі келтірмейді. Барлығы график бойынша жүріп жатыр, - деді ол.
Бұдан бұрын зауыттың жөндеуге жабылатыны жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев айтқан болатын.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Әбіш әлемі – кеніш әлемі