Бүгін Ақтаудағы рәміздер алаңында сарбаздарды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Оған мемлекеттік орган қызметкерлері, сарбаздар, ардагерлер мен ата-аналар жиналды.
ҚР Үкіметі Қаулысы бойынша еліміздің барлық өңірінде жылына екі рет ер азаматтарды әскерге шақыру науқаны жүргізіледі. Аталған науқан шеңберінде биыл Маңғыстау облысында мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктерінде әскерге баруға ниетті үміткерлерді іріктеу жұмыстары аяқталды.
Мемлекеттік күзет қызметі қатарына аттанғалы тұрған өрендер Отан алдындағы борышын әскеріміздің ерекше түрінде өтейтін болады.
-«Президенттік полктерде ең үздік әскери қызметшілер бір арнаға тоғысқан. Мемлекеттік күзет қызметі ҰҚҚ күштеріне жататын, күзетілетін адамдар мен нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлкеттік орган болғандықтан, іріктеу жұмыстары қатаң талаптарға сай жүргізілді. Сөйтіп Маңғыстау облысынан 10 жігітті қабылдадық. Алматыда – «Батыр», Астанада – «Айбын» полкі бар. Кешке Алматы бағытында жол жүреміз. Ол жақта мандаттық комиссия отырысы өтеді. Осы комиссияда жігіттердің қай полкте борышын өтейтіні белгілі болмақ», - дейді Мемлекеттік күзет қызметі өкілі, полковник Айдарбек Есенұлы.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтаудағы жер учаскелерінің 95%-ы электрондық картаға енгізілген25 адамның арасынан таңдалған, барлық талапқа сай сарбаздар Мемлекеттік күзет қызметінде борышын өтемек. Жиынға келгендер оларға сәттілік пен ақ жол тіледі.
Отан алдындағы борышын өтеуге сайдың тасындай іріктелген азаматтарға арнап М.Өскенбаев атындағы облыстық филормониясының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="52359,52358,52354,52353,52355,52356"]