Apple компаниясы осы жылдың соңына дейін смартфонның үш жаңа моделін шығаруды жоспарлап отыр.
Компания қазіргі дейін шығарылып жатқан модельдерге қарағанда экраны үлкен iPhone смарфтонын, iPhone X моделінің жаңарған нұсқасын және негізгі модельдің арзандау нұсқасын нарыққа шығармақ.
Bloomberg.com-ның хабарлауынша, жаңа смартфондарға iOS 12 жүйесі енгізілуі мүмкін. D33 деген ат берілген үлкен смартфонның экраны 6,5 дюйм болады. iPhone X-тегі сияқты онда да Face ID технологиясы пайдаланылады. iPhone X смартфонының қолжетімді нұсқасында А12 процессоры қолданылады.
Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, «үлкен» смартфонның екі SIM-карталы нұсқасын шығару мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр, бірақ бұл жайлы әлі нақты шешім қабылданбаған. Бұған Apple компаниясының SIM-картаны алмастырмай-ақ басқа провайдердің қызметін пайдалана беру мүмкіндігін беретін E-SIM технологиясын күтіп отырғаны себеп болуы мүмкін.
Дереккөз: www.inform.kz