Орал қаласында теннистен «Жасыл доп» республикалық турнирі өтті. Оған Ақтау, Атырау және Оралдық 8-10 жас аралығындағы 16 жас теннисші қатысты. Бұл туралы Ақтау қалалық теннис орталығының басшысы Азат Мангубаев хабарлады.
Сайыста Ақтау қаласынан сегіз жасар Даурия Яруллина бақ сынап, күміс жүлдеге ие болды. Финалдық кездесуге дейін жеткен ол шешуші сайыста Жайық спортшысына есе жіберді.
Даурия тенниспен бес жасынан бері шұғылданады. Арманы - америкалық теннисші Серена Уильямс секілді болу.
Айта кетейік 2016 жылы Даурия Орал және Ақтөбе қалаларында өткен «Қызыл доп» Республикалық турнирлерінің алтын жүлде иегері. Ал 2017 жылы осы қалаларда өткен «Қызғылт доп» Республикалық турнирлерінің жеңімпазы.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА