Ақпанның 20-22 күндері көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау мақсатында облыс көлемінде «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. ІІД Баспасөз қызметіның хабарлауынша, оған ішкі істер органының – 116 қызметкері жұмылдырылып, бірлескен 32 ұтқыр топ құрылған.
Үш күн ішінде бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтар болсақ, қоғамдық орындарда тиіскені үшін – 1 шетелдік;
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 790 шетелдік;
Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 59 ҚР азаматы жауапқа тартылды.
Қабылдау-тарату орнына – 162 азамат қамалған. Сондай-ақ сот органдарының шешіміне сәйкес елден тысқары – 92 шетелдік шығарылды.
701 шетелдіктің уақытша болу мерзімдері қысқартылды;
Сотқа дейін тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне сәйкес 5 шетелдік азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар іздеуде жүрген 2 күдікті қолға түскен.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА