©
2015 жылы өңірдегі соттардың 98 пайызы заманауи құрылғымен жабдықталса, келесі жылы ол 100 пайызға жеткен. Мұның Елбасының «Ұлт жоспарының» 20-қадамында барлық сот процестерін дыбыс-бейнетаспа құралдарына жазу міндетін жүктеуімен байланысты екенін айта кеткен жөн. Яғни өазіргі таңда облыстағы 41 сот мәжіліс залы дыбыс-бейне жазба құрылғысымен 100 пайыз қамтылған. Бұл жөнінде бүгін ӨКҚ-де өткен брифингте қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев айтты.
Мұнымен қатар қағазбастылықтан арылу мақсатында барлық сотта электронды сот ісін жүргізу жүйесі енгізілген. Яғни, сот өндірісіне қатысушылардың істің қозғалысы туралы жедел ақпарат алып, шығарылған сот актілерімен электронды жүйе арқылы атынсуына мүмкіндік жасалған. Өз істерінің қозғалысын үйлерінен шықпай-ақ, кез келген уақытта бақылай алады.
2017 жылы 25007 талап, арыз, 6079 арыз, 1459 өтініш, жалпы саны 35988 құжат «Сот төрелігі» электронды сервисі арқылы тіркелген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бейнеу ауданының даму жолы айқындалды