©
2017 жылы елімізде 141 785 жаңа шаңырақ көтеріліп, 54 948 неке сәтсіз аяқталыпты. Бар болғаны төрт жыл ішінде некелесу саны 26 мыңға азайса, ажырасудың пайыздық көрсеткіші 31%-дан 39%-ға артқан. Былтыр үйленген ерлердің орта жасы 29, әйелдер орта есеппен 26 жаста отбасылы болған. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті жазды.
Ал енді Маңғыстаудағы көрсеткіштерге көз жүгіртейік. 2017 жылы Маңғыстау облысында 5559 неке қиылып, 1536 жұп ажырасқан. 19626 нәресте өмірге келген.
Көрсеткіштерден алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр туылған сәбилер мен ажырасу саны төмендегенін аңғарамыз. 2016 жылы 5523 отбасы құрылса, 1456 неке бұзылған. Ал 20139 сәби дүние есігін ашқан.
2017 жылы неке қиғандардың 2431-і Ақтау қаласының тұрғыны болса, ажырасудың 758-і осы қалаға тиесілі. Ал 2016 жылы 2461 отбасы құрылып, 733-і екіге ажыраған.
Сондай-ақ Ақтау қаласы бойынша кәмелет жасына толмағандар арасында 17 неке қиылған. Ал неке қидырғандардың ең үлкені 57 жаста болған.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА