©
2017 жылы Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен Ерікті қоныс аудару форумы және 2 республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде облыстың 300-ден астам тұрғыны осы аймақтарға көшкен.
Олардың 70-і мемлекеттік қолдау шараларын (16 адам - Павлодар, 13 адам - Қостанай, 25 адам Шығыс Қазақстан облысы, 16 адам - Солтүстік Қазақстан облысы, соның ішінде Ақтау қаласы - 22 , Жаңаөзен - 23, Мунайлы ауданы - 25 адам) қолданған.
-Маңғыстаудан 2017 жылы Солтүстік өңірлерге 21 отбасы, яғни, 77 адам тікелей мемлекеттің көмегін алған. Сондай-ақ тұрғын үймен, жұмыспен қаматамасыз етілген. Алдағы наурыз айында солтүстік өңірлерден жұмыс берушілерді шақырып, бос жұмыс орындарының ауқымды жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отырмыз. «Жаңа Серпін» бағдарламасының аясында солтүстік өңірлердің әрбірінде біздің бір-бір қызметкеріміз жұмыс істеп отыр. Олар сондағы жұмыс берушілермен және сонда қоныс аударғандармен тікелей байланысып, бізбен қарым-қатынасты үйлестіріп отыр, - деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова.
Айта кетейік, бұл бағдарлама үстіміздегі жылы тағы да жалғасын табады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген ТАЛАНТ ҚҰСАЙЫН
Тағы оқыңыз: Бақытын еңбектен тапқан отбасы мал шаруашылығын қолға алды