©
Ақтаудың өзге тілді тұрғындарының қазақ тілін тегін меңгеруіне мүмкіндік туды. Үйреніп және одан әрі дамыта алады дейді InAktau сайты.
«IBastyk.com» оқу орталығының директорының орынбасары Жанна Алмақаеваның айтуынша, мемлекеттік тілді оқуға арналған курстарға жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық келушілер қатыса алады. Қазақ тілін оқыту күнделікті бір жарым айға жоспарланған.
Бүгінде тіл үйренуге ниеттілердің алғашқы тобы да жиналып үлгерген.
«Қазір бізде орыс тілінде сөйлейтін, сол тілді қолданатындар қатары көп. Олардың қазақша үйренуіне мүмкіндік болмауы немесе курстардың қаржысы қалтасы көтермеуі мүмкін. Сондықтан бұл бастама – олар үшін тамаша мүмкіндік. Барлық тілек білдірушілер үшін біздің есігіміз әрқашан ашық», - деді "IBastyk.com" оқу орталығы директорының орынбасары Жанна Алмақаева.