Ақорданың қақпасына соғылған Porsche көлігінің жүргізушісі тізгінді мас күйде ұстаған, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі Астананың Әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
"Әкімшілік істі өндіріске алу барысында Е.С. Иманбеков көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. Е.С. Иманбеков жол қозғалысы ережесінің 2.4.2,10.1 тармақтарын бұзып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабында қарастырылған құқықбұзушылық жасады", - делінген сот үкімінде.
Сот отырысы кезінде жүргізуші кінәсін мойындап, ісіне өкініш білдірген.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47119,47118"]