Басылым: Қазақ тілінде
1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басылым: Орыс тілінде
«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.
Басылым: Қазақ тілінде
1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.
Басылым: Қазақ тілінде
«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Бүгін Маңғыстау облысының əкімі бастаған өлке тұрғындары, бір топ өнер иелері, Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының ұжымы танымал актер Құман Тастанбековпен қоштасты.
Базарбайдың Төлегені болып қазаққа танылған Құман актерге Қарт Каспийдің жағасында тұратын тумаларына қонаққа келіп, киелі Маңғыстауда ақтық сапарға аттануды жазыпты.
- "Жазмыштан озмыш жоқ" деген, мəңгілік ешкім жоқ. Бұл - қазақ елі үшін орны толмас қаза. Меруерт апа, еліңіз сізбен бірге, Маңғыстау халқы қайғыңызға ортақ, - деді облыс əкімі Ералы Тоғжанов.
- Қарт Каспийге келген екі аққудің бірі Алланың қалауымен сыңарсыз ұшып барады,- деді облыс әкімінің орынбасары М. Сқақов.
Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов, Сабыр Адай мен Светқали Нұржан сынды ақиық ақындар мен Н. Жантөрин атындағы драма театрдың директоры Нұрнияз Мұқанов кино əлемінде қос ғашықтың махаббатын сомдап, өмірде де Құман Тастанбековпен жұбы жазылмаған Меруерт апамызға жұбату сөздерін арнады.
- Аса аяулы Меруерт апа, қаралы қауым, қаза қайырлы болсын! Алла Тағаланың өлшенген сызығынан ілгері ешкім өте алмайды, шегініп кейін кете алмайды. Ағамыздың ғұмыры әулиелердің ізі қалып, демі сіңген осы топырақта үзіліпті. Жазмыш солай болыпты. Қазаның да қазасы бар: қара басқа түсетін қаза бар, бір отбасына түсетін қаза бар және күллі қазақ халқының қабырғасын қайыстырып кететін қаза бар. Құман ағамыздың қазасы - сондай қаза. Батысынан шығысына дейін созылған ұлы елдің халқы қайғыны сізбен бөлісіп тұр, - деді ақын Светқали Нұржан.
Айта кетелік, Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі 20 желтоқсан күні сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Әуезов театрында өтеді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.
Келесі жаңалық
Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.