Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтау қаласында М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының сырт беті қайта жаңартудан өтіп, салтанатты түрде ашылды. Құттықтау сөз сөйлеген облыс басшысы Е. Тоғжанов жиналғандарды мерекемен құттықтады. Салтанататты шараға күйші Орын Құлсариев, ел ақсақалы Алқажан Еділханов және күйшінің ұлы Әзірбай Өскінбаев қатысты.
Облыстық филармонияның қасбеті Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, аймақ басшысының арнайы тапсырмасымен қайта жаңартудан өткен. Өнер ордасының сыртқы көрінісі жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жөнелген.
Мәдени орданың атауы латын қарпімен жазылып, Маңғыстаудың жазық даласында күй тартқан Мұрат күйшінің бейнесі бедерленген. Суреттің автоы - республикаға танымал маңғыстаулық мүсінші Көшер Байғазиев.
"М. Өскінбаевтың аты облыстық филармонияға берілгеніне биыл екі жыл. Сол жылдардан бері ғимартаттың қасбетін жаңарту мәселесі көтеріліп, бірақ аяқсыз қалып келген еді. Енді облыстық филармония өзінің деңгейіне сай қайта жаңартылды", - деп атап өтті Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Пәния Сармурзина.
Мұрат Өскінбайұлының репертуарында 300-ге жуық күй болған. Ол қазақ (Абыл, Есір, Құлшар, Құрманғазы күйлерін, т.б.), түрікмен, қарақалпақ, әзірбайжан, ноғай халықтарының музыкалық мұрасын меңгерген. Сондай-ақ көне түрік тайпаларының "Алпыс тарау науайы" атты күйлер топтамасынан: Қарт науайы, Бала науайы, Шәһр науайы, Тамшы науайы, Қақпалы науайы, Тел науайы деп аталатын үлгілерін, ежелгі халық саздарынан "Ел айрылған" сияқты күйлерді шебер орындаған күйші болған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="44945,44944,44943"]