Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы қаулысымен жол жүріс қағидаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Осыған орай Маңғыстау облысы ІІД-і бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нсанбаев Бердібек Айтжанұлы түсініктеме берді. Жаңа ережелер 2017 жылғы 11 қарашадан бастап күшіне енеді. Онда төмендегідей қосымша жаңа жол белгілері енгізілген:
«1.33 «Қауіпті жол жиегі»;
«1.34 «Кептеліс»;
«3.17.3 «Бақылау» Бақылау пунктері арқылы тоқтаусыз жүруге тиым салынады;
«4.5.1 Велосипед жолының немес велосипед жүретін жолақтың аяқталуы»;
«5.8.2а «Жолақтар бойынша жүру бағыты»;
«5.8.3а «Әртүрлі жүру жолақтарындағы міндетті ең төменгі жылдамдық»;
«5.8.4а «Жолақтың басталуы »;
«5.8.8а «Жолақтар бойынша жүру бағыттары»;
«5.8.9 «Әртүрлі жүру жолақтарында қолданыстағы жылдамдықты шектеу»;
«5.9.1 «Маршруттық көлік құралдары үшін жолақтардың аяқталуы». Маршруттық көлік құралдары мен көлік құралдарының жалпы ағынымен жүріп келе жатқан басқа да қоғамдық көліктің ғана жүруіне арналған жолақтың аяқталуы»;
«5.22а «Елді мекеннің басталуы»;
«5.23а «Елді мекеннің аяқталуы»;
«5.40 «Ең жоғары жылдамдықты жалпы шектеулер»;
«5.41 «Авариялық тоқтауға арналған алаң»;
«5.42 «Фотобейнетіркеу». Қағидаларды бұзушылықтарды стационарлық сертификатталған арнайы техникалық құралмен және аспаппен тіркеу жүзеге асырылады;
«6.3.а «Сұйылтылған мұнай газындағы (СМГ) автожанармай құю станциясы»;
«6.3.б «Сығымдалған табиғи газдағы (СТГ) автожанармай құю станциясы»;
«6.14 «Полиция»;
«6.15 «Жол жүрісі туралы ақпаратты беретін радиостанцияны қабылдау аймағы»
«6.16 «Авариялық қызметтермен радиобайланыс аймағы»;
«6.17 «Бассейн немесе жағажай»;
«6.18 «Дәретхана»;
«7.4.8а «Маршруттық көлік құралының түрі»;
«7.21.1 «Маршруттық көлік құралының түрі 6, 19»;
Сонымен қатар, жаңадан қабылданған ережелерге сәйкес:
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА