©
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысы соттары 2017 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады.
Өңіріміздегі соттарда бұл уақыт аралығында 29 716 (2016 жылдың 9 айында 27 716) іс қаралып, аяқталған. Оның ішінде қылмыстық істер – 1232, әкімшілік істер – 12063, азаматтық істер – 16421.
– Облыс бойынша есепті мерзімде 1435 тұлғаға қатысты барлығы 1232 қылмыстық іс қаралып, оның 887-сі бойынша сот үкімі жарияланды. Оның ішінде бас бостандығынан айырылғаны – 276, шартты түрде сотталғандар – 86, қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 142, бас бостандығынан шектелгені – 178, рақымшылық заңымен босатылғаны – 46 және 11 тұлға сот үкімімен ақталды, - деді Маңғыстау облыстық сотының судьясы Сәуле Өмірболатова.
* 270 тұлғаға қатысты 269 қылмыстық іс бойынша айыппұл жазасы қолданылған. 249 тұлғаға жалпы көлемі 50 932 505 теңге айыппұл салынған. Бүгінде оның 32 млн теңгеден астамы өз еркімен төленсе, 1,5 млн теңгеден көбі мәжбүрлеп төлеу арқылы өндірілген.
* Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабымен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) – 223 тұлғаға қатысты 213 іс қаралған.
* Жыл басынан бері кәмелетке толмаған тұлғалардың қатысуымен ҚР ҚК-нің 124 бабымен және 273 бабымен 2 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық, 129 әйелдің қатысуымен 99 қылмыстық іс қаралған.
* 9 айда кәмелетке толмаған тұлғалардың қатысуымен ҚР ҚК-нің 124 бабымен және 273 бабымен 2 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық, 129 әйелдің қатысуымен 99 қылмыстық іс қаралған.
Ал, азаматтық істерге келсек, елімізде банктік келісімшартқа қатысты даулар көп қаралады екен. – Маңғыстау облысы соттарында мұндай мәселеге қатысты 2885 іс қаралды. Сондай-ақ жиі қаралатыны – меншік дауы. Жыл басынан бері тұрғын үй қатынасынан туындаған 2414 дау сотқа жетті. Одан басқа, тұрғын үй мәселесі, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас, алимент өндіру, неке бұзу, мүлікті бөлу т.б. қатысты істер барлық кезде көп қаралып келген, – деп, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев ең жиі қозғалатын сот санаттарын атап өтті. Соттар ұсынған мәліметке сүйенсек, отбасы-тұрмыстық даулар бойынша 2458 іс қаралған.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА