©
- Маңғыстау облысында мемлекеттік шекараны теңіз арқылы қайықпен заңсыз кесіп өтті деген айыппен Әзірбайжан Республикасының 4 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі. Шекара қызметі 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні сағат 2-лер шамасында Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы (Қарақия ауданы) Адамтас мүйісінің маңында байда типтес қайықты байқайды. Шекарашылар байданы тоқтатпақ болғанда, тәртіп бұзғандар ескертуді елеместен, Каспий теңізінің бейтарап аумағына қарай қашып кетпек болады. Шекара нарядынан қашып құтыла алмасын білген олар тапқан олжасын теңізге лақтырып үлгерген. Күдіктілер ұсталып, тексеру барысында олардың 1969, 1972, 1976 және 1979 жылы туылған Әзірбайжан Республикасының азаматтары екені анықталды. Шекарашылардың шұғыл ақпаратына сүйенсек, қазір ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы бойынша шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылып отыр.Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суретті ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұсынды