©
Шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, оған облыстан 6 депутат сайланды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде сайлаудың қорытындысы жөніндегі брифингте айтылды.
Мәслихат депутаттығына 22 кандидат ұсынылғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Дауыс беру 34 учаскеде өткізілді. Сайлау округтеріндегі 56118 сайлаушының 47768-і дауыс беруге қатысқан.
Дауыс беру нәтижесі бойынша, МО мәслихатының депутаты болып Ақтау қаласының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлы, Мұнайлы ауданы №4 жалпы білім беру мектебінің директоры Күлмеханова Дина Тілепбергенқызы және «Каспий АҚ» ЖШС директоры Дербісов Қалым Бисенұлы сайланды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты болып Жаңаөзен «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің директоры Қалдаманов Есенбай Әбиұлы, Қарақия аудандық мәслихатының депутаты болып «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сабытова Дина Жауымбайқызы, Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаты болып «Түпқараған» ЖШС директоры Сарбасов Нұрлан Жәңгірханұлы сайланды.
Сайлау барысын 26 байқаушы және кандидиаттардың сенім білдірген 43 өкілі бақылауға алған. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқалидің мәлімдеуінше, сайлау кезінде ешқандай өтініштер мен шағымдар түспеген. Жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарына сай өткізілген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ