©
Ауған соғысы ардагерлерінің Ақтау қалалық «Боевое братство» қоғамдық бірлестігі ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Кедендік төлемдерді төлеуге, оларды төлеуден жалтаруға болжанатын көлемді заңсыз төмендетуге қарсы іс-қимыл бойынша негізгі тәсілдер» тапсырысы аясында мемлекеттік кірістер департаментінде кездесу өткізді. Басқосуды сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаментінің басқарма басшысы Нариман Айтжанов ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселенің бүгінде күн тәртібінен түспейтін маңыздылығын атап өтті.
Ауған соғысы ардагерлерінің Ақтау қалалық «Боевое братство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Матжан Шаулиев өз жұмыстарымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамның әр мүшесінің міндеті болуы тиіс екендігін айтты.
Ал Маңғыстау облыстық Бекет ата орталық мешітінің наиб имамы Елдар Атибеков сыбайлас жемқорлықтың Ислам дінінде де құпталмайтынын шариғат жолы бойынша Құран аяттары мен хадистерге сүйене отырып жеткізді.
Сондай-ақ бұл жиында «Боевое братство» қоғамдық бірлестігі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған және нашақорлық пен есірткіге тәуелді жастарды қоғамдық өмірге бейімдеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» туралы тапсырысы бойынша екінші мәселені де қаперге берді. Бұл жөнінде наиб имам Е.Атибеков дін арасын айыра алмағандықтан өзге ағымдар жетегінде кететіндер де аз болмайтынын, ал мұндай жағдайға тап болмау үшін оның алдын алу керек екендігін айтып өтті.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА