©
«Ақтау-Жетібай» тас жолына қатысты редакциямызға оқырмандардан сұрақтар келіп түскен болатын. Олар жолдаған суреттерде жолдың екі бөлігінде де көліктер бір-біріне қарама-қарсы жүріп жатыр. Осыған байланысты Маңғыстау облысының ІІД-не хабарласып, жолдың іске қосылу уақытын, жолда жүру ережесіне қатысты анықтама беруін сұрадық.
- «Ақтау-Жетібай» тас жолы ресми түрде 2017 жылдың қараша айында тапсырылады. (ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстаужолзертханасы» РММ-ң 20.10.2017 жылғы № 23-32-01/228 шығыс хаты). Жолдың құрылысы жүргізілген мерзімде бір бағыттағы бір жолаққа арнайы белгілер қойылды. Ол жол құрылысын жүргізген мекемелердің көліктерінің жүруі үшін уақытша белгіленген болатын. Қазіргі таңда бұл жол белгілері алынып, жолдың екі бөлігі бір бағыттағы қозғалыс үшін толық ашылды. Тас жол бойында көрсетілген 60 шақ/сағ жол белгісі - жол құрылысы аяқталғанша қойылған уақытша жол белгілері. Республикалық, жергілікті маңыздағы тас жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін Жергілікті полиция қызметі қамтамасыз етіп келеді, - деп жауап берді МО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кадим Гумаров.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Сурет оқырмандардан келген