©
Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметі 2017 жылдың 3 тоқсанының жұмысын қорытындылады.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ұ.Т.Мылтықовтың мәліметінше, облыстағы жол-көлік оқиғасының саны – 6,6%-ға (229-дан 214-ке), қайтыс болғандардың саны – 11,9%-ға (59-дан 52-ге) және жарақат алғандардың саны – 11,8%-ға (280-нен 247-ге дейін) азайған.
Облыс бойынша 2017 жылдың 9 айында барлығы 126 854 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, сомасы 630 млн. теңге айыппұл салынған:
– 87 145 Жол қозғалысы ережесін бұзушылық бойынша 490 миллион теңгеден астам айыппұл салу туралы 78 142 қаулы шығарылған.
– 39 709 «Нөлдік төзімділік» бойынша 134 миллион теңге көлемінде 20 442 тұлғаға айыппұл салынған.
Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608 – бабы бойынша көлік құралын мас күйінде басқарудың 1100 дерегі: жүргізуші куәлігінен айырылғаны – 734, қамаққа алынғаны – 135 адам, 3 құқық бұзушы тіркелді. Оларға 1 млн. 89 мың 120 теңге сомасында айыппұл салынған.
Жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімшесінің қызметкерлерімен жыл басынан бері кісі өлімімен аяқталған, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізушілер кездесетін – 3 жол-көлік оқиғасы ашылған.
Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасын жасап, дене жарақатымен белгісіз бағытта ізін суытқан 23 жүргізуші ұсталып, материалдық залал келтірген 298 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Тағы оқыңыздар:Браконьерлер мемлекетке 40 миллион теңге зиян келтіргенҚылмыстың алдын алу мен болдырмау мақсатында ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 10-қыркүйегінен 31-желтоқсанына дейін облыс аумағында ауқымды республикалық маңыздағы «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы, сонымен қатар жол-көлік оқиғасын азайтуға бағытталған облыс көлемінде 3 кезеңнен тұратын «Қауіпсіз жол» шарасы өткізіледі.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА