©
Маңғыстау облысы Жергілікті полиция қызметі 2017 жылдың 3 тоқсанының жұмысына қорытынды жасады. Жыл басынан бергі құқық бұзушылықтар көрсеткіші мен атқарылған істерге тоқталды.
Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ұ.Т.Мылтықов жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтың саны – 19,6%-ға ( 5457-ден 4385-ке дейін), оның ішінде шағын ауырлық -30,7% - ға (1058-ден 733-ке дейін), орта ауырлық -22,4% - ға (3164 дейін 2455) қысқарғанын жеткізді.
Сонымен қатар, облыс бойынша жол-патрульдік полиция жасақтары ашқан қылмыстар саны 6,1%-ға (673 –ден 714-ке дейін), учаскелік инспекторлардың - 1,6%-ға (771-ден 783-ке дейін) және ювеналды полиция инспекторлардың ашқан қылмыстар саны - 24,0%-ға (288-ден 357-ке дейін) жақсартылған. ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) – 2207 әкімшілік материал жасақталған. Оның ішінде 496 адам қамаққа алынып, 850 тұлға 20 млн. 444 206 теңге көлемінде айыппұлға іліккен.
Тағы оқыңыздар: Ақтаудағы сыртқы жарнамаларда қате көпҚазіргі уақытта профилактикалық тіркеуде шамамен 5 мың тұлға тұрады, тек ағымдағы жылы 2 мыңнан астам адам есепке қойылып, оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты алдын ала есепке алу мен бақылау аясында кәмелетке толмаған 290 жасөспірім, 191 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылған.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА