©
Ақтау қаласында өзге ұлт өкілдері балалары арасында мектепаралық «Поэзияның жүрегі – бір» атты байқау өтті. «Шуақты өлке-2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шара қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталды.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту. Өзге ұлт өкілдеріне Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Сабыр Адай шығармаларын насихаттау, сол арқылы қазақ тіліне деген ықылас-ынтасын жандандыру. Қазақтандағы рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру.
Сайысқа қала мектептеріндегі әзірбайжан, орыс, татар, украин, шешен, кәріс ұлты өкілдерінің балалары қатысты. Олар қазақ тілінде поэзия оқып қана қоймай, оны өз тілдеріне аударып, мән-маңызын түсіндірді.
Өзгелерден оқ бойы озып шыққан Ақтау қаласы №9 орта мектептің оқушысы Худайбердиева Амина байқау жеңімпазы атанды. Оны сайысқа баптаған жетекшісі ұстазы Айбибі Өтербаева Алғыс хатқа ие болды. Қатысушылардың барлығына грамоталар мен қаржылай сыйлық табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
https://www.youtube.com/watch?v=xikaoYkwaKw&feature=youtu.be