©
Қазақстандық мұнай өңдейтін зауыттар биыл былтырғыға қарағанда бензинді 6%-ға артық өндірді. Алайда ағымдағы өндіру көлемінің өсуі ішкі нарықтағы жанармайға деген сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз болып отыр.
Қазақстандық МӨЗ отандық бензиннің өндіріс көлемін арттырғанымен импорттағы отынға тәуелділік деңгейі әлі де жоғары. ranking.kz сайтының мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жергілікті өндірушілер 2,3 млн. тонна көлік отынын (бензин, оның ішінде авиациялық отын) өндірген. Яғни, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 131,1 мың тоннаға артық.
Жанармай өндіру жылдамдығы жыл санап артып келеді, мысалы өткен жылдың 9 айындағы өндіріс алдыңғы жылғыдан 85,7 мың тоннаға артық болған.
Отандық мұнай өңдеу зауыттары осы жылдың үшінші тоқсанында белсенді жұмыс атқарды. 2017 жылы шілдеде 2016 жылдың шілдесіне қарағанда 6,3%-ға артық бензин өндірілді. Ал тамызда - 10,6%-ға, қыркүйекте - бірден 21,8%-ға көтерілді.
Дегенмен бұл белсенділік Қазақстандағы жанармай сұранысын қанағаттандыруға жеткіліксіз. 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында ішкі нарықта 2,8 млн. тонна автокөлік бензині сатылған. Бұл 2016 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47,5 мың тоннаға артық.
Жанармайға сұраныстың күрт артуы импорт көлемін бәсеңдетті. Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанға былтырғыдан 48,9 мың тоннаға аз бензин импортталған. Жанармай импортының төмендеуі осымен екінші жыл қатарынан байқалды. Нақты айтар болсақ, ішкі бензин сатылымындағы импорт үлесі 26,2% -дан 24,1% -ға дейін төмендеді.
Нәтижесінде импорттың төмендеуі бензин бағасына ықпал етті. Мұны ағымдағы жылдың 9 айында бензин бағасының 8,7% -ға өскенінен аңғаруға болады. Ал АИ-92 - 9,4% -ды құрады. АИ-95 және АИ-96 маркалы бензин қаңтар-қыркүйек айларында 8,8% -ға, AI-98-ке 5,7% -ға қымбаттады.
Өткен жылдың осы кезеңдерін есе алсақ, Қазақстанда бензин бағасы 1,5% -ға өскен: AI-92 - 1,6%, AI-95 және AI-96 - 1,6%. көрсеткен еді.