Осыдан бес мың жыл бұрын адам баласы жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіру жүйесін жасаған. Сол кезден бастап, әріп пен жазу – адамзат баласының өмірінің ажырамас бөлігі болып қана қоймай, оның тыныстіршілігі мен өмір сүру механизміне айналды. Ертедегі жазуларды бабалардың қолтаңбасы десек, олар бүгінгі күні құнды мұра ретінде мұражайларда сақтаулы.
Қазақ ұлты да сан ғасырлар бойы алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде бірнеше жазу үлгісіне ауысыппыз. Бүгінде «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденең шығып отыр.
Саяси маңыздылығы жағынан айтқанда, кириллицамен сіңіп, кірген отарлық санадан арылу үшін де оның саяси маңызы зор. Екіншіден, латын жазуы қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса жаратылыс ғылымдарында қолданыстағы дәлділігі мен ептілігі жағынан латын әліпбиі дүние жүзінің өмір тәжірибесінде өз тиімділігін көрсетіп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, яғни, қазіргі 42 әріпті латын әріптерімен жай ғана алмастыра салсақ, одан ештеңе өзгермейді.
Латын графикасына (таңбасы) негізделген қазақ әліпбиін жасау ісінде тіліміз дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстармен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жекежеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Демек, бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді, арнайы фонолог маманның ғылыми тұрғыда қарастырған зерттеу жұмыстарына үңілу керек. Ал қазіргі кезде графикалық лингвистикадан (тілді таңбалау ісі жөніндегі ғылым саласы) хабары жоқ адамдар да латын әліпбиінің жобасын дайындап, соны қайтсе де өткізу, авторлық құқық алу сияқты өз қарабасына жұмыс жасап жүргендер де баршылық. Сондықтан өз басым таңба әріп фонема жазу сырын білетін, графизация (тілдің таңбалануы) мәселесімен шұғылданып жүрген фонолог мамандардың көзқарастарына жүгінген жөн деп ойлаймын.
Тағы оқыңыздар: Ақтаулық құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өттіЕліміз дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне 1015 жылдың ішінде біртіндеп көшуге болады. Бұл дүниежүзі қазақтары үшін де тиімді болмақ. Ол ортақ жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетімізді қалыптастырары анық. Латынға көшу – білім-ғылым, әлеумет, саясат, яғни, мемлекеттің бар саласын қамтитын күрделі шаруа.
Мемлекет басшысы «Қазақстан2050» Стратегиялық бағыты түзілген Жолдауында латын қарпіне көшудің тиімділіктерін талдап, айтып берді. Тіпті тіл ғылымы саласының мамандары бәрін зерттепзерделеуі үшін 2025 жылдан бастап, нақты іске асырылатынын да нақты шегеледі. Біздің басты бағытымыз – латын әліпбиін қолданысқа енгізу арқылы әлемнің даму көшіне ілесу.
Демек, ұрпақ келешегін ойласақ, ұлттығымыздың негізгі белгісінің бірі тілімізді сақтап қаламыз десек, бірденбір дұрыс жол — латынға көшу.
Амангүл ҚОШИМОВА,
Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі