©
Бұл туралы Маңғыстау облысы табиғатты қорғау прокуратурасы хабарлады.
Табиғатты қорғау прокуратурасы құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп «СТОП-Браконьер» жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба негізінде Каспий теңізінің акваториясында зерттеу, рейдтік шаралар жүргізу туралы тапсырма берілген. Зерттеу нәтижесінде Каспий теңізінен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған 3000 м. браконьерлік (ахан) ауы анықталып, ол өртеу жолымен жойылды.Жыл басынан бері облыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне 53 экологиялық қылмыс тіркеліп (ҚР ҚК 335-бабымен – 14, 339-бабымен – 39), 34 іс сотқа жолданған. 13 қылмыстық іс мерзімінен бұрын тоқтатылып, қалған 4 іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас материалдар: Каспийде 69 бас бекірені заңсыз аулаған броконьерлер ұсталды
Ұсталғандардан 988 дана 3 934,35 келі бекіре тұқымдас балықтары, 4 келі қара уылдырық, 1 дана «Казанка» кайығы, 2 дана «Меркурий» моторы, 1 дана «Гармин» новигатор құралы, 5500 м ахан ауы тәркіленген. Броконьерлердің мемлекетке 40 171 680 теңге зиян келтірілгені анықталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА